XV-XVIII ғасырлар аралығында ислам дінінің өркендеуіне ақын-жыраулардың ықпалы
XV-XVIII ғасырлар аралығында өмір сүрген жыраулар қазақ қоғамының қалыптасу кезеңі мен оның даму сатысындағы бай рухани мұра қалдырды, олар өздерінің жырларында қоғамдық өмірдің әлеуметтік саяси жағдайы мен халықтың ой-санасын бейнеледі. Жыраулар адам өмірінің мәні неде, өмір мен өлім мәселесі, адам мен дүние арақатынасының сырын ашу туралы сұрақтарға жауап іздеді. Сол уақыттағы ішкі және сыртқы саяси жағдайының шиеленісуі жыраулардың дүниетанымына үлкен әсерін тигізді. Олардың көзқарастарында жалпы адамзаттық ойға ортақ белгілермен қатар, өзіне тән ұлттық ерекшелігі болды. Сонымен...