КОНТ ЖӘНЕ СПЕНСЕР ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫНДАҒЫ ДІНИ МӘСЕЛЕЛЕР
КОНТ ЖӘНЕ СПЕНСЕР ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫНДАҒЫ ДІНИ МӘСЕЛЕЛЕР

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында 2021 жылдың 8 ақпан күні философия және саясаттану факультететі, дінтану және мәдениеттану кафедрасының  «Конфликтологиядағы діни бірегейлік» мамандығының 1 курс магистранты С.С. Қойшыбаеваның  ұйымдастыруымен дінтану мамандығының 2 курс студенттеріне «КОНТ ЖӘНЕ СПЕНСЕР ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫНДАҒЫ ДІНИ МӘСЕЛЕЛЕР» атты тақырыпта ашық тәрбие дәрісі өткізілді.

Ашық тәрбие дәрісте ғалымдардың дін социологиясына қосқан үлестері мен олардың ғылыми еңбектеріндегі әлеуметтік тұжырымдамалары қарастырылды. Атап айтқанда, әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр деп айтқан О.Конттың әлеуметтік тұжырымдамасындағы әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика түсінігі туралы презентация көрсетіліп әрі әлеуметтануда қолданған әдістері туралы мәліметтер  айтылды. Сонымен қатар, қоғамды организм ретінде түсінген Герберт  Спенсердің әлеуметтік теориясы талқыланды. Ашық тәрбие дәріс соңында студенттер өздерінің арнайы сұрақтарын қойып, тың ақпараттармен хабардар болды.  Жалпы аталған ақпараттар, ғалымдардың әлеуметтік діни тұжырымдамалары студенттерге «дін социологиясы» пәнін оқытудағы маңыздылығын ашып көрсетті.

 

Қойшыбаева Салтанат Санатқызы

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

«Конфликтологиядағы діни бірегейлік»

мамандығының 1 курс магистранты

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  

дінтану және мәдениеттану кафедрасы

филос.ғ.к., аға оқытушы  Кантарбаева Ж.У. жетекшілігімен

www.kaznu.kz

 

saltanat koishybayevasaltanat koishybayeva
1 жыл бұрын 1173
0 пікір
Блог туралы